БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Нұр Отан» партиясының Қазалы аудандық филиалында жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Онда 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның ауданда жүзеге асыру барысы талқыланды, деп жазады nurotan.kz.
Отырысқа кеңес мүшелерімен қатар облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ҮЕҰ мен партияның бастауыш ұйым өкілдері қатысты.
Басқосуда жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағытын екенін атап өтті.
Ауданда прокуратура мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандары арасында жасалған меморандумға сәйкес жыл басынан бері 7 басқосу, 16 дөңгелек үстел, 29 мәрте қоғамдық қабылдау өткізілген.
Партияның Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан қоғамдық ұйымдардың жемқорлықпен күреске жұмылуы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдете түсетінін жеткізді.