«ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН»
Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында осындай тақырыппен облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қызылорда облысының Азаматттық Альянсы ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияда осы бағыттағы бағдарламалардың орындалуына қатысты университет оқытушыларының хабарламалары тыңдалды. Құрылыс материалдарын өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру бағытында жүйелеу, инновациялық саясатты қалыптастыру мен дамыту, аймақ тұрғындарының өмірін жақсартудағы отбасылық бизнестің ролі секілді мәселелер талқыланды.
Шараға қатысқан ҮЕҰ өкілдері, студенттер, университет оқытушылары мәселеге байланысты пікірлерін білдіріп, сауалдарын қойды.
Конференцияда бірқатар ҮЕҰ жетекшілері облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің «Алғыс хатымен» марапатталып, «Көкжиек» қорының төрайымы Айман Тұрбаеваға «ҚР Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалі табыс етілді.