ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДЕНСАУЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛЫ ТАБЫСТЫ АЯҚТАЛУДА
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық қызметтің уақытында көрсетілуі мен қолжетімділігін, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін үлгі құрылымын қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.
- Осы үлгіні жүзеге асыру үшін жалпы өлім-жітім себептерінің 52%-ын құрайтын аурулардың 5 негізгі нозологиясы бойынша жол карталары әзірленді. Әр жол картасы бойынша сырқаттың жай-күйіне, медициналық көмек көрсету сапасына, мамандар мен материалдық-техникалық ресурстардың қамтамасыз етілуіне бағалау жүргізілді. Осыған байланысты бірінші деңгейдегі БМСК ұйымдарында барлық 5 бағыт бойынша 89 мамандандырылған кабинет ашылды,- деді Ақмарал Әлназарова.
Екінші деңгейде көмек көрсетуде реабилитациялық және қайта қалпына келтіру бөлімшелері ашылып, барлық аудандық ауруханаларда ауданаралық травматологиялық бөлімшелерді медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Осы жылдың басынан бастап, қатерлі ісікке шалдыққан ауыр науқастардың өмірін ұзарту, күтуге бағытталған паллиативтік көмек көрсету үшін онкология орталығында паллиативтік бөлімше ашылып және аудандық ауруханаларда арнайы 35 төсек–орын бөлінді.