АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕДІ
Қызылорда облысында 11 айдың қорытындысы бойынша ана мен бала өлімі көрсеткіші 85,3% төмендеді. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.
- Жүктілік кезінде асқынуды төмендету, ерте есепке алу көрсеткіші 63%-дан 88,4%-ға жеткізілді (ҚР 79%). Алғаш қаралуға келгенде терапевтке көріну 98 пайызға жетті. Бірінші деңгейлі ауруханадағы дәрігерлердің арасында оперативті техниканы меңгерген мамандар көрсеткіші ұлғайды,- деді ол.
Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 30 төсек-орынды босанғаннан кейінгі реабилитациялық бөлімше ашылды. Жүкті әйелдердің тізімін жүргізу мониторингі және тәуекел тобына жүру маршруты бойынша ұйымдастырушы-статистикалық бөлім құрылды. Барлық жүкті әйелдер үшін электрокардиограммалық скринингтер енгізілген.