БАЯНБАЙДЫҢ «БАРЫСЫ»
Жаңақорғандық шебер Баянбай Исраилов жол талғамайтын көлік құрастырып, оған "Барыс-пикап” деген ат қойыпты,-деп хабарлайды аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі.
Баянбай ұзақ жылдар бойы қауіпсіздік саласында қызмет етіп, зейнетке шыққан. Ол жарамсыз деп тасталған машина бөлшектерін бір жарым жыл жинап, қолдан құрапты.
«Автокөлік құрау бала кезімнен арманым болатын. Алғаш ойыншық құрастыруды балабақшада жүріп бастадым. Ол кезде қазіргідей ойыншық көп емес. Кейін мектепке барғаннан кейін орта сыныптарда қолдан моторлы қайық жасап, жас конструкторлар байқауына қатысып, жүлдегер атанып жүрдім. Мектеп бітіргенше жас өнертапқыштардың байқауына 7-8 рет қатысып, жеңімпаз атанған кездерім де болды. 11 сынып оқып жүргенімде алғашқы мотоциклімді құрастырып шығардым», – дейді Баянбай.
Автокөлікті өзге көліктерден өзгеше етіп жасамас бұрын суретшілермен, дизайнерлермен ақылдасып, машина жасау зауыттарында болып, инженер-конструкторлармен кеңеседі. Ондағы мақсат – жол талғамайтын, жылдамдығы сағатына 100 шақырымнан кем болмайтын, қажеттілігіне қарай 7-8 жолаушыны және 1-1,5 тоннаға дейін жүк алып жүре алатын әмбебап жеңіл автокөлік жасау болды. Бір қызығы, автокөлікте мемлекеттік нөмір де бар екен. Сан рет сынақтан өткен. Көлікке барлық «параметрлер бойынша техникалық жағынан жарамды» деп қорытынды шығарылған. «Жай қара жолда сағатына 60-70 шақырымды, ал, асфальтта 100-110 шақырымды алады. Жанар-жағармайды да джиптерден көп пайдаланбайды. 100 шақырымға 22-25 литр ғана. Ең бастысы жол талғамайды. 2016 жылдың жазда автокөлікке авторлық куәлік пен сертификат алдым. Ал, осыдан бірнеше күн бұрын мемлекеттік нөмірге ие болдым. Содан кейін көлікке «Барс»-пикап» деген атау қойдым, – дейді өнертапқыш.