ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ОРТАЛЫҒЫ БҮГІНГІ ТАҢДА ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШІП, ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАП КЕТТІ
Орталық осы уақыт аралығында Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық хатшылығымен бірлесе отырып бірнеше маңызды шаралар өткізіп үлгерді.
Орталықтың ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 8-9 қазанында аудандардағы ұлтаралық қатынастар жөніндегі эксперттерге арналған оқу семинары өткізілді. Екі күннен тұратын бағдарламаның алғашқы күні аудандардан келген эксперттерге Ассамблея, оның тарихы, мақсаты және міндеті туралы, Қоғамдық келісім орталығының негізгі бағыты, жұмыс жоспары және алдағы мақсаты туралы ақпарат берілді. Орталық құрамындағы 4 бөлімнің басшылары өз бөлімдерінің ережесі, міндеті мен қызметінің мәні туралы презентация жасап, аудандардағы әріптестеріне толыққанды мәлімет берді.
Семинардың келесі күні Қоғамдық келісім орталығының аудандардағы ұлтаралық қатынастар жөніндегі эксперттері алдын-ала берілген жадынамаларға сәйкес презентация жасады. Эксперттер өз тарапынан аудандардағы ұлтаралық қатынас, өзге ұлт өкілдерінің саны мен құрамы туралы жан-жақты мәлімет дайындап, орталықтың жұмыс жоспарына пікірлері мен ұсыныстарын қосты.
2014 жылдың 1-10 қараша аралығында орталық жұмысының жоспарына сәйкес барлық аудандарда түрлі форматтағы шаралар өткізілуі жоспарланып отыр.
Қоғамдық келісім орталығының алдында жауапты жыл – Ассамблея жылы тұрғандығы белгілі. Тәжірибелі, білікті мамандар жиналған ұжым мемлекетіміз үшін ең маңызды саналатын – бірлік, достық, келісім ұғымдарын басшылыққа алып, аймағымызда игі істерді атқаруға ат салысады.