ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық турнирлер жеңімпазы, Қарулы күштер арасында әлем чемпионы, Қазақстан Республикасы ІV жазғы спартакиадасының жеңімпазы, Қарулы күштер арасында Бүкіләлемдік спорт ойындарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен карате-додан Қазақстан Республикасы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Әлем чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері Нұржан Ақпанбет Жергілікті полиция қызметінің Жол-патрульдік полиция батальонының жеке құрамы үшін шеберлік сабағын жүргізді. Аталмыш шара «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт кешенінде өтті. Даярлық сабағының басты мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярлығын көтеру болып табылады.
Қызметкерлермен өткізілген сабақ барысында түрлі деңгейдегі жаттығулар, топтық ойындар қолданылды.
Сабақ соңында рефлексия өткізіліп, талқыланған мәселенің жалпы қорытындылары бірігіп тұжырымдалды. Қатысушы қызметкерлер шарадан өте жақсы әсер алып, шеберлік сабағы олардың күткендерінен асып түскендігін жеткізді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Сабақ соңында рефлексия өткізіліп, талқыланған мәселенің жалпы қорытындылары бірігіп тұжырымдалды. Қатысушы қызметкерлер шарадан өте жақсы әсер алып, шеберлік сабағы олардың күткендерінен асып түскендігін жеткізді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі