ЖАТ АҒЫМНАН АУЛАҚ БОЛ!
Арал аудандық прокуратурасы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы Арал көпсалалы колледжі және индустриалды техникалық колледжі студенттерімен кездесу өткізіліп, онда дәстүрлі емес діни ағымдардан сақ болудың жолы айтылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде барысында аудандық прокуратура прокуроры Р. Нұрлыбаев жастарға экстремизм және терроризм профилактикасы мен олардың алдын-алуға бағытталған заң талаптарын кеңінен түсіндірді. Жиын барысында студенттер ұйымдастырушыларға сауалдар қойып, жат ағымнан сақтау жайлы толымды пікірлер айтылды.
Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінде «Өнер Қырандары» театрының салафизм ағымының зардабы жайлы қойылымы экран арқылы көрсетілді.
Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінде «Өнер Қырандары» театрының салафизм ағымының зардабы жайлы қойылымы экран арқылы көрсетілді.