ОБЛЫСТА ТРАНСПОРТТЫҚ МЕДИЦИНА ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
Қызылорда облысында елді-мекендердегі жергілікті тұрғындарға мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында транспорттық медицина жұмысы ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.
- 2016 жылдың 10 айында 125 елді-мекенге жылжымалы медициналық кешендер шығып, 30678 адамның денсаулығы тексерілді. Оның скринингпен қамтылғаны 51,7%-ды құрайды. Нәтижесінде 6894 науқас анықталып, оның 5145-нің емделуіне жағдай жасалды,- деді басқарма басшысы.
2016 жылдың 10 айында санитарлық авиацияға шақыртулар саны 27,5%-ға артты. Оның ішінде 34,6%-ы тасымалданып, 35,3%-і кеңес алды және 21,7%-ына ота жасалынды.
2016 жылдың 10 айында санитарлық авиацияға шақыртулар саны 27,5%-ға артты. Оның ішінде 34,6%-ы тасымалданып, 35,3%-і кеңес алды және 21,7%-ына ота жасалынды.