«ДАМУ-КӨМЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫН КӨРУДЕ
Жаңа жыл қарсаңында 8 мүмкіндігі шектеулі бастауыш кәсіпкерге «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында демеушілік көмек көрсетілді.
Шара «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтті. Өз ісін жаңа бастаған кәсіп иелеріне кәсіпкер Бауыржан Махмутов, «Ай-Диас» ЖШС директоры Айнұр Бермағанбетова, ЖК «Шерхан и К» және ЖК «АзияЭкспресс» компаниялары қолдау көрсетті.
Байқоңыр қаласының тұрғыны Айшолпан Қайдауылова 4 жыл бұрын бірінші топтағы мүгедек атанған. Алайда мүгедектік арбасына таңылғанына қарамастан жас қыз үйінен шағын бизнес ұйымдастырды. Ол тапсырыс бойынша мерекелер мен салтанатты кештерге арналған түрлі астар мен тәтті тағамдар пісіруде. Кәсіпкерлігін кеңейтуді көздеген Айшолпанның жобасын табысты бизнесвумен Айнұр Бермағанбетова қолдап, кәсіпкерге электрлі және микротолқынды пеш сыйға тартты.
Сағатбек Сиюов екінші топтағы мүгедек. 25 жастағы жігіт 2013 жылы көлік апатына түскеннен кейін арбаға таңылған. Университетте бағдарламашы мамандығын игерген Сағатбек IT-бағытында бизнес бастауға ниет білдіріп отыр.
- Мен үйдің тұңғыш ұлы ретінде артымнан ерген кіші інім мен қарындасыма үнемі қолдау көрсетуім қажет. Мамандық бойынша жұмыс табылмағандықтан, өз бизнесімді үйден компьютерлік қызмет көрсетуден бастауға шешім қабылдадым. Болашақта өзімнің IT-компаниямды ашамын деген мақсатым да жоқ емес. Мен «Даму» Қорына көмек алу жөнінде өтініш бергенмін, ал бүгін маған ноутбук сыйлап отыр. Осы орайда Қордың және бизнесмен Бауыржан Махмутовтың маған көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіремін,- дейді Сағатбек.
Соңғы үлгідегі тігін машинасы бірінші топ мүгедегі Несібелі Мүсілімоваға табысталды. Жиырма бес жылдық тәжірибесі бар маманның www.damu-komek.kz сайтында қалдырған өтінішіне ЖК «АзияЭскпресс» компаниясы жауап қатты. Жаңа тігін машинасына ие болған кәсіпкердің ендігі жоспары үйден түрлі өнімдер мен киім-кешектерге тапсырыстар қабылдау.
Сондай-ақ, демеушілік көмекке Жанат Қарақожаева (I-топ мүгедегі), Назерке Ізмаханова (III-топ мүгедегі), Жансая Дүйсеманова (III-топ мүгедегі), Айзат Абсадықова (II-топ мүгедегі) және Эльмира Ақмырзаевалар ие болды.
Жыл басынан «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында 30 мүмкіндігі шектеулі бастауыш кәсіпкерлерге демеушілік көрсетілді. Бағдарламаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің қиындықтары мен оларға қажетті ресурстар жөнінде ақпараттандыру деңгейін көтеру арқылы қолдау көрсету болып табылады.