АЙМАҚ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыстық партия ұйымының төрағасы келушілердің арыз-шағымын мұқият тыңдап, өтініштердің оңды шешім табуы бойынша тапсырма берді, - деп хабарлады партия филиалының баспасөз қызметінен.
Ең алдымен өңір басшысы облыстық «Невада-Семей ардагерлері» кеңесінің төрағасы Сәбит Әбішті қабылдады. Онда кеңес төрағасы облыста онкология ауруымен ауыратындардың қатарында Семей атом полигонынан зардап шеккендердің көптігін, сонымен қатар, облыстық онкологиялық аурухананың тарлық қылатынын айтты. Мәселеге байланысты пікірін білдірген облыс әкімі жаңа онкология ауруханасының құрылысына Қызылорда қаласы маңындағы Талсуат ауылдық округінен 5 гектар жер бөлініп отырғандығын айтып, нақты кезеңде құрылыс нысанының жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға, облыстық бюджеттен қаржы бөліну жоспарланғандығын жеткізді.
Аймақ басшысының қабылдауында Жаңақорған ауданының тұрғыны, жас кәсіпкер Өркен Құрбанов та болды. Ата-анасынан ерте айырылған Өркен өзінен кейінгі 4 бауырын, отбасын асырап отыр. Ол ауданда алғашқылардың бірі болып бетон өнімдерінен тұрғын үйге қажетті құрылыс заттарын шығаруды қолға алды. Қазір оған Қызылорда, Түркістан қалаларынан тапсырыстар түсуде. Талапты жас Қызылорда қаласының сол жақ жағалауында бой көтеретін жаңа қаланың абаттандыру жұмыстарына атсалысуды мақсат етіп отыр.
Облыстық филиал төрағасы Қырымбек Көшербаев өзінің іскерлігімен замандастарына үлгі болып жүрген Өркенге ризашылығын білдіріп, ұсынысын қуана қабыл алды. Қазір Қызылорда қаласы сол жақ жағалауын игеру бойынша бас жоспар дайындалып бекітілді. Бас жоспарға сәйкес, парктер мен саябақтар және көпқабатты үйлер арасында демалыс орындарын орналастыру жоспарланған. Осыған байланысты абаттандыру жұмыстарына тиісті қаржылар бөлінеді. Аймақ басшысы бұл жұмыстарды жүзеге асыруда жас кәсіпкердің ұсынысы ескерілетінін айтты. Мәселені бақылауда ұстауды облыстың сәулет, құрылыс саласы жетекшілеріне жүктеді.
Қармақшы ауданының тұрғыны, жас ана Гүлзат Жәлелова аймақ басшысына аудан оқушылары жазғы демалысты ауданнан тыс жерлерде өткізетінін айтып, аудан аумағынан балалар тынығу лагері салынса деген сауалын жолдады.
Гүлзаттың ұсынысына орай партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев ауданнан тынығу лагерін салу бойынша 2015 жылы жоба дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткенін жеткізді. Бүгінде балалар лагерінің құрылысын жүргізуге 2017 жылға 100,0 млн теңге, 2018 жылға 500,0 млн теңге, 2019 жылға 655,2 млн теңге бөліну жоспарлануда. Бұл мәселе де 2-3 жылдың көлемінде шешімін табады.
Жалпы бұл күні қоғамдық қабылдауға бес азамат келіп, облыс басшысына тікелей өтініш-тілектерін жеткізді. Кездесу барысында тұрғындарды толғандыратын түйінді мәселелердің түйіні тарқатылып, барлық келушілердің ұсыныс, талап-тілектері назарға алынды.