БИЫЛ ОБЛЫСТА 209 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов облыстық мәслихаттың биылғы жылы атқарған жұмыстары жайлы брифинг өткізді.
Ол өз баяндамасында мәслихат сессияларында қаралған мәселелерге шолу жасап, өңірдің әлеуметтік нысандарына және өзекті мәселелерді шешу үшін жұмсалатын қаржы көлемі жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар тұрақты комиссиялар жұмысымен таныстырды.
Мәслихат хатшысының мәлімдеуінше биылғы жылы облыстық мәслихат депутаттары «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінде 114 азаматты жеке қабылдаған. Оның 71,3 пайызы оң шешімін тапса, депутаттардың өз жұмыс орнындағы жеке қабылдауларына барлығы 783 сайлаушыдан өтініш түсіп, оның 72,8 пайызы іске асырылған екен.
Облыстық мәслихат депутаттарының барлығы дерлік өз сайлаушыларының алдында биылғы жылдың есебін беріп үлгеріпті.
- 2016 жылы республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан 209 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, абаттандыруға және коммуналдық шаруашылыққа, көлік инфрақұрылымына 1,5 млрд тенге көлемінде қаржы жұмсалды. Облыстық бюджеттен әлеуметтік салаға бөлінген қаржы көлем артты. Сонымен қатар, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласына 21,6 млрд.теңге немесе бюджеттің 11,4 пайызы қаралған. Ауылшаруашылығы саласына бөлінген қаржының көлемі 10,0 млрд.теңгені құрап отыр. 5,3 млрд.теңге қаржы қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметіне бөлінген. Көлік және коммуникация саласына 8,7 млрд.теңге қаралған, - деді облыстық мәслихат хатшысы.