ЭКСПО КЕЗІНДЕ БАЙҚОҢЫРҒА ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСТЕРІН АШУ ҰСЫНЫЛДЫ
ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері көрме кезінде Байқоңырға ұшатын тікелей әуе рейстерін ашуды ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Байқоңыр» ғарыш айлағында туризмді дамыту мақсатында «Астана — Байқоңыр-Астана» және «Алматы -Байқоңыр-Алматы» тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін шешіп алу қажет», — дейді қоғамдық кеңес төрағасы Ерлан Сыдықов.
Бұдан бөлек, кеңес мүшелері Байқоңыр ғарыш айлағында туризмді дамыту бағдарламасын бекіту шараларын тездету қажет деп санайды.
Осы орайда шетел азаматтарының ғарыш айлағына кіруіне рұқсат беру мерзімін 45 күннен 14 күнге дейін қысқарту мәселесін шешу керек.
Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында кеңес мүшелері тағы бірқатар ұсыныстарын жариялады. Соның ішінде туризм мәселелерімен айналысатын бөлек мемлекеттік орган ашу бастамасы да бар.