ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ
Жуырда «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі бір игілікті істі қолға алды. Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркеуде тұрған жүріп тұруы қиын, бірінші топтағы 46 мүмкіндігі шектеулі азаматқа қоғамдық көліктерде тегін жүруге арналған куәліктер берілді.
Алдымен бірлестіктің жоба үйлестірушілері Әйтеке би кентінде тұратын бірінші топтағы мүгедек С.Шайховтың, Р.Букешованың отбасында болып, куәлік табыстады. Мұндай қайырымдылық іске риза болған ол жастарға ақ батасын беріп, алғысын айтты.
«Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұжымы өдеріне қолдау танытқан «Қазалы такси» ЖШС директоры Е.Оразаевқа алғысын жеткізеді.
«Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұжымы өдеріне қолдау танытқан «Қазалы такси» ЖШС директоры Е.Оразаевқа алғысын жеткізеді.