КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ
Облыстық ішкі істер департаментінде Күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жиын өткізілді. Онда букмекер кеңселерінің техникалық нығайтылуы, заманауи технологияларына сай күзет-дабыл қондырғыларын және жоғары сапада үлкейту қабілеті бар бейнебақылау құрылғыларын орнату, сондай-ақ орталықтандырылған бақылау торабы мен жеке күзет ұйымдарының жұмыс жасау жүйесін жетілдіру мәселесі сөз болды. Оған Ішкі істер департаменті басшылығы, букмекерлік кеңселер өкілдері, Кәсіпкерлік палатасының мамандары, жеке күзет ұйымдарының басшылары қатысты.
Жиынды Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ә.Шаймағамбетов күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырып өтті.
Кездесуде ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қ.Әлменовтің баяндамасы тыңдалды. Ол күзет қызметінің сапасын арттыру, қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы әрекет жасау бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталып, жаңа заманауи технологияларға сай күзет-дабыл қондырғыларын, жоғары сапалы үлкейту қабілеті бар бейнебақылау камераларымен жабдықтау бағытында жеке объектілердің меншік иелеріне ұсыныс білдірді.
Жиын барысында соңғы уақытта букмекерлік кеңселерде болған тонау, қарақшылық қылмыстары туралы да сөз болды. Бұл тақырыпта ОІІД КПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Сағидуллаұлы хабарлама жасады. Ол өз сөзінде қылмыстардың ашылу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда едәуір жақсарғандығын атап өтті. Орын алған қылмыстарға жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында, қылмыстың басым бөлігі түнгі мезгілде орын алғандығын, сондай-ақ көп жағдайда шабуылға бейнебақылау камераларымен және күзет-дабыл қондырғыларымен жабдықталмаған күзет ұйымдары, яғни техникалық жабдықталуы жеткіліксіз нысандар ұшырағаны анықталды. Қылмыстардың алдын алу, орын алған жағдайда дереу ашу мақсатында күзет қондырғыларымен, бейнебақылау камераларымен жабдықтау мәселесін көтерді.
Күн тәртібінде тұрған мәселелер жан-жақты қаралып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Сонымен қатар, ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері кездесуге қатысушыларға мекеме ғимараттарының техникалық бекіністерін күшейтуге, бейнекамералар орнатуға, күзет дабыл қондырғыларын қондыруға және оларды күзетуге белгіленген тәртіпте күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасу мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Бұдан бөлек, күзет қауіпсіздік қондырғыларының артықшылығы, соңғы үлгідегі шыққан техникалық қондырғылар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі