ЕЛБАСЫ МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін өзгерту туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін өзгертуге бағытталған "Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды", - делінген Ақорданың сайтында.
Заңға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне төлем жасай бастайды, ал жүйенің іске қосылуы жарты жылға шегерілді. Азаматтарға сақтандыру арқылы медициналық көмек көрсету 2018 жылдан басталады.
Мұның алдында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Елена Бахмутова басқаратыны хабарланған.