23 ЖЕЛТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
23 желтоқсан күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі, оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын қатты болатыны болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жекелеген өңірлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде жаяу бұрқасын болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман болжанады.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасын, тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болуы ықтимал.