ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша брифинг өткізді.
Брифингте белгілі болғандай сотталушы жәбірленушіні еркінен тыс мәжбүрлеп автокөлікке отырғызып, қатты жылдамдықпен жүріп кеткен. Өтінішіне құлақ салмаған соң, жәбірленуші көліктен секіріп, жерге құлайды. Алған ауыр жарақаттардан ол ауруханада көз жұмады. Қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына судья жауап берді.
Сот үкімімен сотталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі