ОЛИМПИАДАДА ОЗЫҚ ШЫҚТЫ
Осы жылдың 16-17 желтоқсаны Астана қаласында «КазРоботикс» спорттық және білім беру робототехникаларының қазақстандық федерациясы «Қазақстан инжинирнг» ҰК АҚ қолдауымен «KazRoboProject-2016» конкурсының финалы мен «KazRoboSport-2016» чемпионатын өткізді.
Оған еліміздің әр түкпірінен 200-ге жуық бала қатысты. Олимпиада мақсаты - робототехниканы кеңінен тарату, балалардың өз бетінше зерттеу жасауға қызығушылығын ояту, талантты жастарды анықтап, қолдау көрсету.
Қызылорда облысы атынан қатысқан 4 команда құрамында Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары да болды. Жақсы нәтиже көрсеткендер қатарында "Робофутбол" категориясы бойынша бірінші орынды жеңіп алған 11 сынып оқушылары Нұрасыл Балғабай мен Әділ Сәдуақасты атап өтуге болады.
- «Робо-футболистерді» біз айдан артық жасадық, - дейді Нұрасыл Балғабай. – Әділ LEGO-дан шабуылшы мен қақпашыны әзірледі. Мен роботтарды бағдарламалаумен айналыстым. Жарыста біздің командамыз тек бір ойынды ғана тең аяқтап, қалғанында жеңіске жетті.
Олимпиада қатысушылары Владимир Коряк пен Шахмардан Махметқожа шығармашылық категория бойынша сынға түсті. Олар қазыларға қоқыс сұрыптайтын роботты таныстырды. Ерекше идея иесі атанған олар төртінші орынға тұрақтады.