АЛЫС АУЫЛДАРҒА АУЫЗСУ ЖЕТТІ
Биылғы жыл Сыр өңірі үшін табысты болды. Аймақтың барлық саласында өсім бар. Күріштен рекордты өнім алынды. Өңір өңдеу өнеркәсібі бойынша көш бастады. Облыста бірқатар күрмеулі мәселелер де шешімін тапты. Бүгінде өңірдің 63 пайызы көгілдір отынның игілігін көрсе, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған елді мекендер 74 пайызға жетті. Бұл туралы www.khabar.kz хабарлады.
Облыс орталығы тұрғындары үшін үлкен жаңалықтың бірі – жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерге ыстық судың берілуі. Аталған қондырғы салқын суды ысытып, әр пәтерге жеткізеді. Жуырда жаңа пәтерге қоныстанған Жанеркенің де үйінде ыстық су үзілген емес.
Алдағы уақытта дәл осындай әдіспен Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жоспарда бар. Өңірде ауыз су мәселесі де оңтайлы шешімін тапты. Қазір облыстағы 261 елді мекеннің 74 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылып отыр. Ал облыс орталығы 2 жылдан бері толығымен жер асты су көзіне көшкелі ауыз су сапасы 10 есеге дейін артты.
- Сумен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары жалғасуда. 2017 жылға сумен қамтуға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қосымша 5,7 млрд теңге қаралып отыр. Соңғы екі жылда Қызылорда облысында 300 шақырымнан аса электр желісі жаңартылып, 90-ға жуық қосалқы станса орнатылды. Сонымен қатар Қызылорда қаласы мен 4 аудан орталығы табиғи газға қосылды. Бүгінде Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттерін қосқанда облыс тұрғындарының 63 пайызы көгілдір отынның игілігін көруде, - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Медет Ұсайын.