МАМАНДАР ҚАТАРЫ АРТА ТҮСТІ
Қызылорда облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету желісі 379 адамға толықты. Жыл басында медицина мамандарымен қамтылу 87 пайызды құраған. Есепті мерзімге дейін алғашқы медициналық-сараптамалық көмек көрсету желісіне 32 жас маман тартылып, қызметкерлер саны 95 пайызға ұлғайтылды. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету дәрігерлері мен медбикелердің саны 1:3 сәйкестігіне келтірілді. Сонымен бірге дәрігерлік аймақтарда тіркелген халық санын 2200-ден 1800-ге дейін, ал 2019 жылға қарай 1500-ге дейін азайту жоспарлануда. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында 34 жаңа жалпы дәрігерлік аймақ ашылатын болады,- деді басқарма басшысы.
Облыстағы барлық медициналық мекемелерде емделушілерді қолдау қызметі құрылған. Кезекке тұруды азайту және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының тіркеу жұмыстары іске қосылды. Жүйе әкімшілігі қызметі енгізілді, ірі емханаларда емделушілердің реттілігін бақылау үшін арнайы бейнекамералар орнатылды.