ҚОҒАМДЫҚ ҚОР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
Жуырда «Ел Арай» қоғамдық қоры қайырымдылық акциясын өткізіп, 50 отбасына 100 тонна көмірді тегін таратты.
Қоғамдық қор төрағасы Самат Сағындықовтың айтуынша акция ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.
- Еліміз еркіндігінің ширек ғасырлық мерекесі бәріміз үшін үлкен қуаныш,- дейді ол. – Осыған орай біз қамқорлыққа зәру жандарға қолдау танытқанды жөн көрдік. Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар мен көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға 100 тонна көмір түсіріп бердік.
Мұндай сыйға ие болғандар қор өкілдеріне өздерінің ризалығын жеткізуде. Синоптиктер күн қабағы қатулау болады деп болжаған биылғы қыста отын алуға жағдайы келе бермейтін отбасылар үшін бұл үлкен көмек болып отыр. Ал акцияны ұйымдастырғандар көмір таратуға қолұшын созған еріктілер тобына алғыс айтады.