ОБЛЫСТА ЖҮРЕККЕ АШЫҚ ОТА ЖАСАУ ҰЛҒАЙДЫ
Биыл жоғары мамандандырылған медициналық көмек ауқымының кеңеюіне орай, республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде жүрекке ашық ота жасау 20%-ға, нейрохирургиялық операциялар саны 27%-ға, эндопротездеу саны 2 есеге дейін өсті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.
- Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап облыста офтальмохирургиялық орталық ашылды. Жергілікті бюджеттен 90 млн. теңгеге жоғары диагностикалық құрал-жабдықтар сатып алынып, өткен жылмен салыстырғанда жасалған ота саны 2 есеге дейін өсті. Облыста офтальмологиялық орталықта алғаш рет глаукомалық кабинет ашылып, 2000-нан астам науқас есепке алынды. Сынақ режимінде Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы ашылды,- деді Ақмарал Әлназарова.