ОБЛЫСТА ҮШІНШІ НЕЙРОИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша жол картасы бағдарламасы аясында 140 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынды. Жыл басынан бері инсульт пен инфаркт алған науқасқа медициналық көмек көрсету мақсатында 1000-нан аса медицина қызметкерлері оқыту курстарынан өтті. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.
- Қан айналым жүйесі ауруларының асқынуын ерте анықтау үшін облыс бойынша алғаш рет жоғары қауіп тобына жататын қан қысымы мен ми қан тамырларының ауруына шалдыққандарға функционалды зерттеу жүргізетін тәуекел тобы жасақталды. Барлық аудандарда ультрадыбыстық зерттеу мамандарының арасында шеберлік сабақтары өткізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 287 науқас жоспарлы түрде коронографияға жіберілді және оның 18%-на стенттеу жүргізілді. 2000-нан астам жүрек пен бас миының тамырларына ота жасалып, былтырғы жылмен салыстырғанда ота жасау көлемі 15%-ға өскен,- деді Ақмарал Әлназарова.
Аймақтың арақашықтығы ескеріле отырып, ағымдағы жылдың ақпан айында Қазалы теміржол ауруханасының базасында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындары үшін үшінші ауданаралық нейроинсульт орталығы ашылды.
Сәуір айынан бастап Қазалы аудандық орталық ауруханасының базасында инсульт ауруымен ауыратындарды оңалту бөлімі, сондай-ақ №3 қалалық емхананың базасында нейрореабилитациялық орталық ашылды.