САЛАМАТТЫҚТЫ САЛТ ЕТКЕН
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жалағаш ауданындағы № 202 мектепте білім ошағының әкімшілігі мен мұғалімдерінің қатысуымен волейбол турнирі өтті.
Ел тойын спорттық шарамен атап өтіп, саламаттылықты салтқа айналдырғанын танытқан мектеп ұжымының бұл бастамасы ерекше шара болды.
Мектеп директоры Рауаш Әлиқызының құттықтауынан кейін басталған тоспадоп турнирі тартысқа толы болды. Өрнекті ойын көрсетуге ұмтылғандардың арасында ұтылған ешкім жоқ. Қайта алаңдағы арпалыс денелеріне сергектік сыйлады.
Турнир соңында қатысушы командалар мен жекелеген ойыншылар аудандық білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің бағалы сыйлықтарына ие болды. Ұстаздар жарысты ұйымдастырған №202 мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Ләззат Әбдіхалықованың атына алғыстарын айтып, ризалықтарын білдірді.