АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ҮЕҰ РОЛІ
Осындай тақырыпта Байқоңырда дөңгелек үстел өтіп, оған мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай ауылдарындағы үкіметтік емес ұйымдарда ақпараттық-ресурстық орталықты дамытуға арналған шараны «Байқоңыр азаматтық құқық үшін» ұйымы мен Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы бірлесе ұйымдастырып, оларға ҚР Президентінің Байқоңырдағы өкілдігі қолдау көрсетті.
Дөңгелек үстелде ҚР Президентінің Байқоңырдағы арнаулы өкілдігінің аппарат басшысы Бақытбек Бекпанов сөз алып, мемлекеттік ұйымдар мен ҮЕҰ арасындағы бірлескен жобалар мен «Ұлт жоспары – 100 қадам» бағытындағы бастамалар жайлы баяндады.
«Байқоңыр азаматтық құқық үшін» қоғамдық ұйымының басшысы Марат Дәулетбаев жоба мақсатына кеңінен тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар жайын айтып өтті.