22 ЖЕЛТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
22 желтоқсан күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Жекелеген аумақтарда бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, ал Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с артады, Қызылорда облысында сондай-ақ бұрқасын соғады.
Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының жекелеген жерлерінде көктайғақ болжануда. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейіп, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз болжанады.