ДЕПАРТАМЕНТ ҰЖЫМЫ КӨРКЕМСУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫНДА БОЛДЫ
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қазақстанның таңғажайып дәуірі бұл...» атты облыс суретшілері мен мүсіншілері көрмесі ұйымдастырылды.
Осы көрме жұмысымен Қызылорда облысы әділет департаментінің басшысы Қалдыбек Сапаров бастаған топ танысып, облыстық тарихи - өлкетану музейі мен Көркемсурет галереясы ұжымдарын Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. Департамент ұжымымен болған кездесуде Қазақстан Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Амангелді Кененбаев сөз сөйлеп, аймақтағы қылқалам шеберлері мен мүсіншілердің жұмыстарына тоқталды.
- Галереяда Сыр өңіріндегі суретші, мүсіншілердің 100-ге тарта туындысы қойылған. Жалпы, өңірдегі өнер шеберлері үшін қазір шығармашылыққа кең өріс ашылды, - деді ол.
Ол аймақ басшылығының саланы дамыту бағытында жасап жатқан қолдауын ерекше атап өтті. Өнер иелері үшін жасалған осындай демеудің бір дәлелі – осы көркемсурет галереясы. Мұнда жерлес суретшілер туындысымен қатар, отандық, шетелдік авторлар еңбектеріне де орын берілген.
Шарада «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медалімен биыл 80 жасқа толып отырған суретші Борис Қалназаров марапатталды.
Кездесуде зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасының жайлы пікірлер айтылып, заңгерлер өнер иелеріне шығармашылық табыс тіледі.