EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ КЕПІЛДЕНДІРУГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Жаңақорғандық жеке кәсіпкер Ләззат Төлегенова облыста алғаш болып eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы «Даму» Қорының кепілдендіруіне қол жеткізді.
Кәсіп иесі үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелерін кепілдендіру қызметіне eGov.kz электронды Үкімет порталы арқылы қол жеткізу керемет мүмкіндік болып отыр. Жас бизнесвуменнің сөзінше, бұл қадам ауыл кәсіпкерлерінің уақыты мен қаржысын үнемдейтын ең тиімді жол.
Ләззат Төлегенова 3 жыл қатарынан Жаңақорған кентінде нан және кондитер өнімдерін шығарумен айналысып келеді. Бүгінде ол мемлекеттік қолдау аясында кәсіп аясын кеңейтуге мүмкіндік алды. Кондитерлік цехты ұлғайту үшін несие алуға талап қылған ол кепілдік мүлік жетіспеушілігі мәселесіне кезігеді. Кәсіпкерге «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшілері кеңес беріп, бұл үшін eGov.kz электронды үкімет порталын пайдалану жолын таныстырды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несие беру жөнінде оң шешімін алған Ләззат Төлегенова 47% көлемінде кепілдендіру алуға өтініш берді, нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша eGov.kz порталы арқылы кепілдендіруге қол жеткізген алғашқы кәсіпкер атанды.