«АЛМАТЫ-2-ЗАЩИТА» БАҒЫТЫНДАҒЫ ПОЙЫЗ 29 ҚАЗАННАН ЖОЛҒА ШЫҒАДЫ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2014 жылдың 29 қазанынан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Алматы-2-Защита» (Өскемен) бағытындағы №69/70 жолаушылар пойызын жолға шығарады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
Құрам күнара қатынайтын болады. Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 «Бизнес», 2 «Гранд», 14 «Турист» вагондары мен 1 вагон-мейрамхана, 1 вагон-бар және 3 техникалық вагон қамтылмақ.
Пойыз Сарыөзек, Үштөбе, Матай, Ақтоғай, Аягөз, Шар стансаларына аялдайды. Өскеменге дейінгі жол 17 сағат 45 минутты, қайтар жол 17 сағат 08 минутты құрайды.
Сондай-ақ 2014 жылдың 1 қазанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ үстіміздегі жылғы 14 қарашадан бастап аттанатын «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізетіні хабарланған. Жолаушы билетті ертерек сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Сонымен қатар пойыздың жүретін уақытында сұранысқа сәйкес билет құны өзгеруі мүмкін.
Жеңілдіктер қолданыстағы №69/70 «Алматы-Защита» (Өскемен), №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», сондай-ақ үстіміздегі жылдың аяғына дейін іске қосылуы жоспарланып отырған №67/68 «Астана-Защита» (Өскемен), №89/90 «Астана-Қызылорда» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» пойыздарында енгізіледі.