«ҚАЗПОЧТА» ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ ҚЫЗМЕТІН ІСКЕ ҚОСТЫ
«Қазпочта» АҚ сыбайлас жемқорлық, айлакерлік, кемсітушілік фактілері мен басқа да бұзушылықтарды анықтау үшін, Жедел желі қызметін іске қосқанын хабарлайды. Бұл желі арқылы клиенттер, серіктестер және контрагенттер арыздарын құпиялы түрде жібере алады.
«Бірнеше жыл бұрын басталған трансформация бағдарламасының аясында, біз теxнологиялар мен процесстерді өзгерту бағытымен қатар, алаяқтық пен жемқорлыққа қарсы күрес жолында да жұмыс атқарудамыз. Клиенттеріміздің сенімділігін арттырудағы келесі қадамымыз - жедел желі қызметі. Бұл қызмет көптеген сервистік компаниялардың сапасын жақсартқан тәсіл», - деді «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
«Қазпочтаға» қатысты кез-келген құқық бұзушылық фактілер жайлы хабарлау үшін:
1. hotline@bailanys.com электронды жәшігіне хат жазу;
2. +7-800-080-0831 нөмірі арқылы хабарлау;
3. http://www.bailanys.com сайтында арнайы үлгі бойынша мәлімет қалдыру.
Құқық бұзушылық болып келесі әрекеттер саналады:
• анықталынған немесе әбден ықтимал жемқорлық, айлакерлік және ұрлық фактілері;
• мүдделер қайшылықтары;
• «Қазпочта» АҚ қызметкерлерінің қызметін асыра пайдалануы;
• заңсыз қаржы операциялар;
• қаржылық немесе басқарушылық есептемелерді бұрмалау;
• кемсітушілік фактілері;
• жұмыс бабындағы және әлеуметтік қайшылықтар;
• іскерлік этиканы бұзу;
• жұмыс атқаруға кедергі келтіретін өзге де әрекеттер мен әрекетсіздіктер.
Жедел желіні жалған ақпаратты тарату немесе бұзақылық мақсатпен, сонымен қатар, өш алу үшін қолдану заңды түрде жазаланады.
Айтарлықтай, қызмет көрсету сапасы бойынша немесе сәлемдемені табу үшін және басқа да сұрақтар бойынша 1499 Байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Қазақстан Республикасы бойынша қоңырау шалу тегін.