ЖАУЫНГЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекеттік рәміздер алаңында азаматтық қорғау органдарының қатарын толықтырған 25 қызметкер ант берді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов жас мамандарды құттықтап, ізгі ниет білдірді. Департамент бастығы салтанатқа жиналғандарды мерекемен құттықтады. Елдігімізді білдіретін мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын айтты.
Салтанатты шара департаментінің ғимаратында жалғасты. Жас өрт сөндірушілер мұндағы жаңадан ашылған музейде өрттен қорғау қызметінің қалыптасу кезінен бастап бүгінге дейінгі экспонаттармен танысты. Жастар мұражайдағы жауынгерлік киімдер мен өртке қарсы жабдықтарды қызыға тамашалады. Сонымен қатар, қызмет борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші бұрышы көрсетілді.