ОБЛЫСТА ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Бүгін облыстық коммуникациялар орталығында дін саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті.
Оған облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ербол Рүстемов, осы басқарманың бөлім басшысы Серік Әбдіқадіров, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев қатысты.
2016 жылғы ІІІ тоқсанда жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 95,3 пайызы облыстағы діни ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалаған. Е.Рүстемовтің айтуынша облыс бойынша ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында білікті мамандардан құралған 10 ақпараттық-түсіндірме топ жұмыс жасайды.
– Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2016 жылдың 11 айында түрлі форматта 2 298 іс-шара ұйымдастырылып, оған 67 400 адам қатысқан. Республикалық-ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері аудандар мен шалғай елдімекендер тұрғындарымен 17 кездесу өткізді. «Қызылорда облысы аумағында халықаралық, республикалық деңгейдегі теологтар жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында қырыққа жуық кездесу мен семинар өткізілді,– деді басқарма басшысының орынбасары.