ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде Азаматтық Альянсы қауымдастығының «ҮЕҰ-ға арналған ақпараттық ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» жоба аясында Чернобыль, Ауғанстан және Совет Армиясы әскерлері жесірлерінің одағы «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік елдің мұраты – Тәуелсіздік!» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, ҮЕҰ-ның мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияда «Мәңгілік ел» идеясы білім беру мен тәрбиелеуде қолдану – білім мазмұнын жаңартудың негізі» тақырыбында «Инновациялық технологиялар және ғылыми – жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Ұлтай Ешимова, «Жастар жетістігі – ұлт жетістігі» тақырыбында «Руханиятты жаңғырту» ҚБ басшысы Нұрлан Нұрмаханов баяндама жасады. Талқыланған мәселелерге орай Қоғамдық келісім орталығы жетекшісінің орынбасары Асылбек Жұмабаев, «Қызылорда облыстық «Невада-Семей» қозғалысы» қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Сәбит Әбіш, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің оқытушысы Азамат Алдабергеновтер ой-пікірлерін білдірді.
Конференцияда «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын дамуымыздың өзегіне айналдыру, «Ұл жоспары – 100 қадам» бағыты аясындағы бастамалар, «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» жайлы кеңінен айтылды.