ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
Облыс орталығында күзет ұйымдарымен бірлесіп жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 161 құқық бұзушылық анықталды.
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінде күзет қызметінің барлық түрімен айналысатын 171 жеке күзет ұйымдары тіркеуде тұр, оның ішінде өзге облыстардан келіп күзет қызметімен айналысатын 32 филиал бар.
Күзет қызметін бақылау бөлімі жеке күзет ұйымдарының қызметтеріне бақылау жасаумен шектеліп қоймай, күзет қызметінің сапасын арттырып, қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы әрекет жасау шараларын ұйымдастыруда кешенді іс-шаралар атқаруда.
Облыс көлемінде азаматтар пәтерлерін және мекемелерді орталықтандырылған бақылау торабымен күзетке алу бағытында халық арасында түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде.
Қылмыс пен құқық бұзушылықпен қарсы күресте, оның алдын алуда жыл басынан күзет ұйымдары қала орталығындағы қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыстар атқарып, нәтижесінде 161 құқықбұзушылықтың жолын кесіп, 16 қылмыстың дер кезінде ашылуына үлес қосты. Қоғамдық тәртіпті сақтап, күзетілетін нысандарда қылмыстардың жолын кесуде «Фархад Секьюрити» ЖШС, «Жақсылық» күзет фирмасы ЖШС, «Нур-Али Секьюрити» ЖШС, «KMG Security» ЖШС филиалы сынды күзет ұйымдарының қосқан үлесі зор.
Атап айтқанда, 2016 жылдың 25 қарашасында «KMG Security» ЖШС филиалының күзетшісі қала орталығындағы жанармай құю бекеттердің бірінде кезекшілік атқарып тұрған сәтте май құю үшін тоқтаған автокөлік жүргізушісіне қоқан-лоқы көрсетіп, ақша талап етіп тұрған күдіктіні байқайды. Күзетші дереу полиция қызметінің «102» нөміріне хабарласады. Өзі оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенше қылмыскерлерді залалсыздандыру әрекеттеріне көшеді. Күзетшінің қырағылығының нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмыскерлерді құрықтап, тергеу әрекеттерін бастап кетті. Күзет нысанында қылмыстың орын алуына жол бермеген ұйым күзетшісінің бұл әрекеті департамент тарапынан жоғары бағаланып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
Айта кетерлік жайт, қазіргі уақытта «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігінде жеке күзет ұйымдары күзетшілерінің кәсіби біліктілігі мен физикалық дайындығын арттыру мақсатында жаттығулар өткізіліп тұрады.
Күзет қызметінің дамуы – еліміздегі ұйымдастырушылық-құқықтық амалдармен мемлекеттік саясатты күшейту мен күзеттің күшейтілуіне бақылау жасау, негізгі мемлекеттік және стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі