ОҚУ ОРНЫНАН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ
Әйтеке би кентіндегі Қазалы көлік-техникалық колледжінде оқу орнының тарихынан сыр шертетін мұражай ашылды.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары пайдалануға берілген білім ордасының аудан тарихынан ойып тұрып орын алады. Үш бөлмеден жасақталған мұражайдың бірінші бөлмесінде колледж студенттері әзірлеген алғашқы паровоздар макеттері мен білім ошағын басқарған басшылардың, ұстаздардың суреттері орналастырылған. Тағы бір бөлімде іргелі оқу орнының жетістіктері көрсетілген. Мұражайда егемен еліміздің еркіндігін алған 25 жылда жеткен табыстары туралы бұрыш та орын тепкен.
Мұражайдың ашылуына арналған салтанатқа аудан әкімі Нажмадин Шамұратов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов қатысып, ұстаздар мен студенттерді Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ, колледж директоры Болатбек Ахметов жиналған жұртшылыққа жылы лебізін арнады. Мұнан соң, көпшілікке көлік-техникалық колледждің түлегі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповскихтің құттықтауы бейнеролик арқылыі көрермен назарына ұсынылды.