СТУДЕНТТЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒАРЫШ КАРТАСЫН ЖАСАЙДЫ
«Геодезия және картография» мамандығы бойынша білім алып жатқан С. Сейфуллин атындағы қазақ аграрлық университетінің студенттері ғарыш түсірілімдерінің растрлық негіздерін құрау бойынша арнайы бригадаларда жұмыс істеуде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне геоақпараттық жүйелер орталығының директоры Фараби Ермеков айтты.
«Бір ай бұрын 1-4 курс студенттері арасында бастама көтерілген еді. Ол бойынша сабақтан тыс уақытта мамандық бойынша жұмыс жүргізетін бригада құрып, алдағы уақытта ақылы жұмыс көлемін алу жоспарланған. Бұл студенттердің ақша табумен қатар, университет қабырғасында жүріп еңбек кітапшасын алуына мүмкіндік береді. Бұған бірден 200 студенттің 120-сы жазылды, - деп атап өтті Ф. Ермеков. Студенттік бригада - ашық пайдаланудағы ғарыш түсірілімдерінен Қазақстанның растрлық негізін құру міндетін таңдады. Олардан жасақталған 15 бригада 59000 парақ карта жүктеді. Студенттер Қазақстанның ғарыш картасын жасайды
«Деректер ағынын қабылдап үлгермей жатырмыз. Қазір бізде ғарыш түсірілімдерінің базасы бар! Ең бастысы - студенттердің құлшынысы керемет», - деп әсерімен бөлісті орталықтың директоры. Көптеген ғылыми және практикалық бастамалар ұсынған Фараби Ермековтің айтуынша, бұл экспериментке басқа да мамандарды тарту қажет, сонда тетіктің қуаты он есеге артады. Бұл жастардың студент кезінен бастап заманауи ғарыш технологияларын пайдаланып, елдің ауқымды жобаларына қатысуына ықпал етеді.