АДАМ ҰРЛАУ ФАКТІСІ БОЙЫНША СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам ұрлап, абайсызда оны өлтіріп алған соттталушы С-ға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі жарияланды.
Сотталушы С. жәбірленушімен 9 жылдан астам уақытта жақын қарым-қатынаста жүрген. Оны қызғанып, сәл нәрсені желеу етіп, ұрып-соққаны үшін 2 рет әкімшілік және 1 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған да болатын. Бір сөзбен айтқанда, сотталушы жәбірленушінің әрдайым жүріс-тұрысын, кімдермен араласатынын, қайда барған уақыттарын қадағалап, ал жәбірленуші оның айтқан талаптарын орындауға мәжбүр болған.
2016 жылдың көктемінде жәбірленушінің жұмысында тексеру болып жатқандығына байланысты, ол үйге кеш қайтып жүрген. Осыны басқаша түсінген сотталушы оны қызғанып, екі күн бойы балағат сөздер жазып, қорқытып, хабарламалар жіберіп отырады. Келесі күні түнгі уақытта жұмысына барып, оны сыртқа шығарып алып, қорқытып, еркінен тыс автокөлігінің артқы орындығына отырғызып, қатты жылдамдықпен жүріп кеткен. Жәбірленуші қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік есігін ашып, жерге секіріп түседі. Алған дене жарақаттардан ол ауруханада көз жұмды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы С. ҚР ҚК-нің 115 бабымен (қорқыту) және 125 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған адам ұрлау) кінәлі деп танылып, түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі