ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
Қызылордада Кәсіпкерлік палатасы және Kaspi банктің қолдауымен «Мен және менің қалам» тақырыбында алғаш рет «OrdaIdeas» өтті. Шараны ұйымдастырушылар "Тұран" Өңірлік даму" қоғамдық қоры мен облыстық дебат орталығы.
«OrdaIdeas» - бұл жастар арасында еркін форматта пікір алмасу, ой бөлісудің ашық алаңы. Шараға келген 5 спикер қатысушыларға табысқа жетудің тарихы мен жолдарын әңгімелеп, еркін пікір алмасты.
«Мен сөйлеймін» ұранымен өткен іс-шараның мақсаты жастар арасындағы еркін қарым-қатынасты нығайтып, олардың идеялары мен табысқа жету мақсатындағы тәжірибелерін насихаттау. Қоғамның қозғаушы күші ретінде жастарды ортақ мәселелердің шешімін табуға жұмылдыру.