21 ЖЕЛТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
21 желтоқсанда Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
Кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, тек оңтүстік шығыс аумақтарда ауа райы - жауын-шашынсыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-қа сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің екіпін 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысында 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с артады, күндіз кей жерлерде бұрқасын болады.
Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде бұрқасын, тұман болып, желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей аумақтарында бұрқасын, тұман күтіледі, түнде және таңертең 15-20 м/с екпінде жел болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерді тұман басады.