БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІ
Тасбөгет кентіндегі С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығына арналған фестиваль өтті. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараны Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қолдауымен «Көкжиек» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Қоғамдық қор жетекшісі Айман Тұрбаева мәдени шараға балалардың қызығушылығы жоғары болғандығын айтып отыр.
- Біздің ұйым үйлерінен білім алатын мүгедек балалар мәселесімен айналысады, - дейді ол. – Олардың бос уақытын қызықты өткізу үшін арнайы орталық құрдық. Жалпы қор 3 пен 18 жас аралығындағы 156 баланы қамқорлыққа алып отыр. Олардың көпшілігі сал ауруымен ауыратындар. Осы балалардың көпшілігі ортаға бейімделіп, мамандық алып, кәсіп иесі атанды. Олардың бұл жетістігінде біздің қордың да үлесі барын сезінудің өзі қуаныш.
Фестивалдің концерттік бағдарламасын Рақымжан Кеулімжаев бастады. Ал сыңары Рамазан әдеттегідей көрермендер қатарынан табылды. Церебералды паралич диагнозы қойылған екеуі де үйден білім алады. Рақымжан мәдени шаралардың ортасында жүрсе, Рамазан оған рухани демеу танытып келеді.
Мәдени шарада барлық бала жарқырай көрінді. Ән айтып, өлең оқыды. Көрермендер де өнерлі балаларды қызу қолдап отырды. Концертті тамашалауға қаладағы басқа да үкіметтік емес ұйымдар өкілдері келді.
Февтиваль соңында қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.