«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РАДИО» ЖШС ҚҰРЫЛДЫ
«Қазақстан» ТРК» АҚ қарасты «Республикалық радио» жауапкершілігі шектеулі серіктесті құрылды. Құрамына Қазақ радиосы, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары кіретін серіктестік өз жұмысын 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастайды.
«Республикалық радио» ЖШС директоры қызметіне Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаевтың келісімімен Досымбек Өтеғалиев тағайындалды.
Досымбек Өтеғалиев 1976 жылдың 7 сәуірінде туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі, Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «заңгер» мамандығын алған, журналистика магистрі.
БАҚ саласында 1997 жылдан бастап еңбек етіп келе жатқан ол әр жылдары «Шахар», «Алматы – Южная столица», «Хабар» және «31 арна» телеарналарында қызмет етіп, «Заң» медиа корпорациясы» ЖШС-ін басқарған.
Бүгін директорды ұжымға таныстыру барысында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ Басқармасының төрағасы К.Б.Ойшыбаев басты міндет радиолардың жұмысын жандандыру, бағдарламалардың сапасын жақсарту екендігін айтып өтті. Досымбек Өтеғалиевтің тәжірибелі маман екенін айта келе, артылған жұмысты әділдікпен атқаратынына үлкен сенім білдірді.