МИНИСТР ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ҚАШАННАН БАСТАП ӨСЕТІНІН ХАБАРЛАДЫ
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министр Тамара Дүйсенова зейнетақы мен жәрдемақылардың қашаннан бастап өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір біз 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өсіріп жатырмыз. 1 шілдеден тағы 11 пайызға өседі, жалпы жыл бойынша 20 пайыз болады. Жаңа туған сәби үшін берілетін жәрдемақылар 1 қаңтардан 7 пайызға, ал 1 шілдеден 13 пайызға өседі. Жалпы 20 болады. Мұнда мәселе еңбек зейнетақысы жайлы. Біз 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы тағайындау механизмін өзгертіп жатырмыз, ол ең төменгі күнкөріс шегі мен еңбек өтіліне байланысты болады", - деді Тамара Дүйсенова үкімет отырысының үзілісінде.
Министр төлемдерге 90 миллиард теңге жұмсалатынын айтты. "Бізде 2 миллион адам зейнеткер және шамамен 300-400 мың бала бар", - деді министр Дүйсенова.
Министр төлемдерге 90 миллиард теңге жұмсалатынын айтты. "Бізде 2 миллион адам зейнеткер және шамамен 300-400 мың бала бар", - деді министр Дүйсенова.