МАМАНДАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУДЫ ЕСКЕРТЕДІ
Өткен демалыс күндері Арал ауданы Сексеуіл кентінен балық аулауға шыққан 3 азаматтың бірі суға батып кетті.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мамандарының айтуынша кенттің үш тұрғыны теңізге балыққа шығады. Жағалаудан шақырымнан аса ұзағанда жұқа мұз сыр беріп, ойылып кетеді. Оқыс оқиғадан аман қалған екі балықшы жағаға жеткен. Ал мотоциклімен бірге су астына кеткен 45 жастағы азаматтың денесін Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мамандары алып шықты.
Бұл оқиға қыс айларында көлдер мен айдындарда қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігін көрсетіп отыр. Мамандардың да айтары осы.
Бұл оқиға қыс айларында көлдер мен айдындарда қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігін көрсетіп отыр. Мамандардың да айтары осы.