ДОСТЫҚТА ЖОҚ ШЕКАРА
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Славяне» қоғамдық мәдени орталығы «Достықта жоқ шекара» атты фестиваль-концертін өткізді.
Жиынға жиналған қауымға «Славяне» қоғамдық мәдени орталығының жетекшісі Галина Щербакова мерекелік лебізін жеткізді.
Мерекелік шара М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің «Нүргүл» ансамблінің достық биімен бастау алды. «Надежда» балалар вокалды тобы «Менің Қазақстаным» атты патриоттық ән орындаса, облыстық ассамблея жанындағы жастар қанатының жетекшісі Константин Луца «Менің қалам» атты әнімен келген көрермендердің көңілін көтерді.
Айта кету керек, шараға шырайлы Шымкенттен «Казак» хоры мен Алматы облысынан «Гармония» дуэті келді. Сахнада өлеңдер оқылып, этномәдени бірлестіктердің жас әрі белсенді мүшелері домбыра мен баянның сүйемелдеуімен ән айтып, би биледі.
Шара соңында облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, салтанатты фестивалге белсенді қатысқандарға «Алғыс хат» тапсырды.