ЕГІЗ БАҚЫТ
Тасбөгет кентіндегі С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Социум» бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы мен «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ерекше шара өтті. Оған әртүрлі жастағы егіздер мен олардың аналары шақырылды.
Кездесуде отбасы құндылықтары мен егіздер тәрбиесіндегі ерекшеліктер туралы сөз болды. Қатысушылар өз өмірлеріндегі қызықты сәттер жайлы айтып, кеш мәнін аша түсті.
Пернегүл мен Алтынкүл Тубаевалар бір шаңыраққа шаттық сыйлаған егіздер. Олар мектепке бірге барды, бір оқу орнына түсті. Тіпті, күйеуге де бір күнде шықты!
- Жаныңда сыңарың барын сезінудің бақытын жай адамдар түсіне бермейді, - дейді Алтынкүл. – Біз ешқашан жалғыз қалмаймыз. Қасыңда бар қиындықты бөлісер сыңарың барда өмір де қызықты. Біз «мен» дегенді білмей өстік. Бәрін бірге жасадық. Әдетіміз де, тіпті өмірге көзқарасымыз да бір.
«Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсара Әбдіқалықованың айтуынша мұндай шаралар жастардың отбасы құндылығы жайлы танымын кеңейтіп, шаңырақ бірлігін сақтауға сеп болады.