ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ «ҮШ БИ» ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісі жоғары айырым дәрежесіндегі белгі болып табылады және сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі ерекше табыстары, көп жылдық еңбегі, мінсіз беделі, белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі.
Егеменді еліміздің Тәуелсіздігіне арналған облыстық сотта өткен салтанатты жиында Қызылорда облыстық сотының судьясы Жуынтаева Светлана Нағашыбайқызы «Үш би» құрмет белгісімен марапатталды.
Облыстық сот судьясы Светлана Жуынтаева жиырма бес жылдан астам уақыт Қызылорда облысының сот саласында үлкен абыроймен, адал қызмет атқарып келеді.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін 2011 жылы Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Құрмет грамотасымен, 2008 және 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, 2016 жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғысымен марапатталған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі