СИНГАПУР ҒАЛЫМДАРЫ 5 МИНУТТЫҢ ІШІНДЕ ҚУАТТАЛАТЫН БАТАРЕЯ ОЙЛАП ТАПТЫ
Сингапур ғалымдары 5 минуттан да аз уақыт ішінде қуат алатын жаңа электр батареяларын ойлап тапты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Бұл туралы Наньян технологиялық университетінің жоба авторлары мәлімдеді.
Олардың айтуынша, батареяларды түрлі салада пайдалануға болады, алайда оларға электрлі көлік құралдарының иелері тарапынан сұраныс жоғары болмақ.
Университет профессоры Чэнь Сяодун атап өткендей, кеңінен таралған литий-ион батареяларына қарағанда жаңа батарея 20 жылдан артық уақытқа жарамды. Оның айтуынша, ұялы телефондарда, планшетті компьютерлерде, электромобильдерде пайдаланылатын қазіргі аккумуляторлар 2-3 жылға ғана шыдайды.
Сингапур университетінің өкілі жаңа батареялар алдағы екі жылда жаппай сатылымға түседі деп болжауда.