ОБЛЫС АУМАҒЫНДА «ПИРОТЕХНИКА» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
Осы жылғы 12 желтоқсан – 2017 жылғы 05 қаңтар аралығында Қызылорда облысы аумағында Әкімшілік полиция басқармасы мен Қызылорда облысы төтенше жағдай департаментінің өртке қарсы қызмет бөліністері бірлескен түрде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады. Шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлерде осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу.
Іс-шара барысында пиротехникалық бұйымдар салдарынан болатын дене жарақаттарын болдырмай, оларды халық көп шоғырланатын жерлерде пайдаланудың жолын кесу мақсатында полиция жасақтарының, учаскелік полиция инспекторларының, мектеп инспекторларының қатысуымен рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.
Осыған орай, елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару орын алған жағдайда, құрылғы тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігіне сәйкес он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 483-бабы 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға –5, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –10, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Бұдан бөлек, еркін сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлар мен заттарды сату ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғатынын ескертеміз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі