БЕРЛИНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ
Берлинде жүрген қазақстандықтар адам көп жиналған орындарға бармаған жөн. Бұл туралы ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өзінің Facebook парақшасында жазды.
«ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментіне зардап шеккен қазақстандық туристер туралы ақпарат келіп түскен жоқ», - деп жазады ол. ҚР ИДМ министрлігінің Туризм индустриясы департаменті Германия аумағында жүрген туристерді сақ жүруге, адам көп шоғырланған орындарға бармауға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, бүгін таң ата әлемдік БАҚ 2016 жылы 20 желтоқсанда Берлин орталығындағы Брайтшайдплац алаңында орналасқан рождестволық жәрмеңкеде жүрген халықты жүк көлігі соққанын хабарлаған. Соңғы деректер бойынша, қайтыс болғандар саны 12 –ге жетті және 48 адам ауруханаға түскен. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, жүк көлігі бүкіл алаң бойымен жүріп өтіп, шыршаның жанына келіп тоқтаған.